Бұл беттесу Өзбекстан мен Ресей құрамаларының тарихтағы алғашқы ойыны болып қалды. Оған дейін екі өлкенің командарлары бірде бір кездескен емес.
Бірқатар өзбекстандық футбол жанкүйерлері бұл кездесуге бойкот жариялауға шақырған. Олардың сөзінше, Ташкенттің орталық стадионында "агрессор елдің" гимні айтылу Өзбекстан үшін ұят.
20 қарашада Ресей командасы Босния және Герцеговинаның құрамасымен ойнауы тиіс болған. Бірақ Босния "агрессор елдің" командасымен ойнаудан бас тартқан.
Наурызда ФИФА және УЕФА Ресейдің ұлттық құрама командаларын және барлық клубтарды халықаралық жарыстардан уақытша шеттеген. Мұндай шешім Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде қабылданған.