Ссылки доступа

Қазақстан тұрмысы төмен отбасыларына мектеп формасын сатып алуға ваучер бермек 


Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі мектеп формасын сатып алу үшін цифрлық платформа енгізіп жатыр. 

Онда бұл жоба жеңіл өнеркәсіпті дамытуға әсер етуі тиіс деп жазылған. Пилоттық жобаны алдымен Астана қаласында өткізбек.

Мекеме айтып өткендей, тұрмысы төмен отбасыларға мектеп формасын жеңілдікпен алу үшін ваучер (тауарды жеңілдікпен алуға мүмкіндік беретін сенімхат) берілу қарастырылып жатыр.

Сонымен бірге мектеп формасын өндіретін жеңіл өнеркәсіптерге қандай да бір жеңілдіктер беру мүмкіндігі де айтылған.

Осыған байланысты министрлік отандық өнімдердің реестрін құрып, ұлттық талапқа сәйкес келетін өнімдерді анықтау керек екенін алға тартқан.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың ата-аналары қолжетімді бағаға мектеп киімін, канцелярлық тауарлар сатып алуда қиындыққа тап болып жатады. Көптеген ата-ана биыл киімнің қатты қымбаттағанын айтып, шағымданған.

XS
SM
MD
LG