Ссылки доступа

Еуроодақ Қырғызстанға цифрлау ісін дамытуға 3 млн еуро бөледі


Еуропа одағы Қырғызстанның цифрлау ісін дамытуға 3 миллион еуро аударады. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, сыртқы істер министрінің орынбасары Айбек Молдогазиев пен Еурокомиссияның халықаралық әріптестік жөніндегі бас директоры Петерис Устубстың кездесуінде осындай шешім қабылданды.

"2021-2027 жылдарға арналған индикативті бағдарлама аясындағы жобаларды жалғастырамыз деп шештік. Сонымен бірге, цифрлау саласындағы жобаларды қолдау үшін 3 млн еуро көлемінде қаражат бөлінетін болды", - деп хабарлады СІМ.

Қырғызстан билігі мемлекеттік мекемелерді цифрлауды енгізіп жатқанын мәлімдеп жүргеніне бірнеше жыл болды. Президент Садыр Жапаров та мемлекеттік органдарға кеңсе қағазын қысқартып, электронды құжат алмасуға көшуді тапсырған. Үкімет мәліметінше, соның нәтижесінде қағаз пайдалану 50 пайызға қысқарып, бюджет бір жылда шамамен 112 млн сом үнемдейді.

XS
SM
MD
LG