Туыстарының айтуынша, Жалилов Мариупольда орыс әскерлері кіргеннен кейін жоғалып кеткен.
"Шамсиддиннің аты-жөні құжаттары бойынша анықталған. Оны тану мүмкін емес болып қалған", - дейді бауыры Хомид Жалилов.
Шамсиддиннің қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз.
Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Мариуполь қаласы бірнеше ай бойы орыс әскерінің қоршауында қалып, мамыр айының ортасында оккупацияланған.