Ссылки доступа

Болот Теміров: Мені 6-7 адам қауіпті қылмыскер секілді ертіп жүрді


Қырғыз журналисі Болот Теміров Азаттықтың Қырғыз қызметіне Бішкектегі сот залынан күшпен алып кеткеннен кейін не болғанын әңгімелеп берді.

Зерттеуші журналистің айтуынша, "Манас" әуежайында оны "6-7 қызметкер қауіпті қылмыскер секілді ертіп жүрген".

"Олар Бішкек ішкі істер басқармасы 10-бөлімінің қызметкерлері. Құжатым болмағандықтан олар Ресей елшілігімен келіссөз жүргізді, сонда күттік. Отанға оралу туралы куәлік алуға талпынды. Бірақ ала алмады. Оның себебін білмеймін, уақыт болмаған шығар. "Манас" әуежайындағы шекара бекетінен мені құжатсыз өткізді, бір сәт те кідірген жоқпыз. Ұшаққа отырғызып, екі қызметкер Мәскеуге дейін еріп келді. Сол жерде олар Ресей шекарашыларымен сөйлесті. Олар тым болмаса сот қаулысын көрсетуін сұрады, бірақ олардың қолында мұндай қағаз да болған жоқ. Кейін сот қаулысының көшірмесін жолдады ғой деймін, анығын білмеймін. Содан кейін ғана босатты. Шекарашылар бір-екі сұрақ қойып, еркіме қоя берді. Мені анам мен туыстарым күтіп алды. Қазір мен Мәскеудемін", - дейді Болот Теміров.

Ол болған оқиғаны "кек алу" деп бағалап. Журналистің пікірінше, "сот жүйесінің тарихи маңызға ие шешім шығаруға жігері жетпеді".

Бішкек қалалық соты 23 қарашада прокуратураның Болот Теміровке қатысты аудандық сот шешіміне түсірген арызын қарап, журналисті елден шығару туралы үкім қабылдады. ІІМ қызметкерлері оны күшпен әуежайға алып кетіп, ұшақпен Ресейге жеткізді.

Теміровтің қорғаушылары сот шешімін заңсыздық деп бағалады. Халықаралық ұйымдардың бірқатары Болот Теміровке қатысты шығарылған сот үкіміне алаңдайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG