Ссылки доступа

Тәжік журналисі Завкибек Саидамини Душанбе сотынан айыптау үкімін жоюды сұрады


Жеті жылға бас бостандығынан айрылған журналист Завкибек Саидамини (Завкибек Солехов ) Душанбе қалалық сотынан өзіне қатысты үкімді қайта қарауын сұрады.

Қалалық сотқа арызында Саидамини істі тергеу мен Сомон аудандық сотындағы процесті "біржақты және толық емес" деп сипаттаған.

Биыл қазанда Сомони аудандық соты 38 жастағы журналисті Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясы және "24 тобымен" байланыс орнатты деп айыптады.

Айыпталушы саяси қозғалыстар мен топтардың ешқайсында тіркелмегенін мәлімдеді. ТИӨП пен "24 топ" ұйымдары да Завкибек Саидаминимен байланыс орнатқан дегенді жоққа шығарды.

Завкибек Саидамини қалалық сотқа арызын 16 қарашада өткізген, арыз көшірмесі Азаттықтың Тәжік қызметіне 24 қарашада ғана түсті.

Завкибек Саидамини биыл шілдеде ұсталып, қазан айында сотталды. Сот үкімін халықаралық ұйымдар да сынады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы журналистің сотталуын Тәжікстандағы сөз еркіндігіне жасалған қастандық деп таныса, Журналистерді қорғау комитеті Саидаминиді тез арада босатуды талап етті.

Кейінгі жарты жылда Тәжікстанда кем дегенде жеті журналист пен блогер ұсталды. Олардың төртеуі сотталды. Қалған журналистердің соты әлі аяқталған жоқ.

XS
SM
MD
LG