Ссылки доступа

Пәкістан депутаты Душанбеге ұшатын рейске жіберілмеді 


Пәкістанның парламент депутаты, Пуштун Тахафуз қозғалысының (ПТҚ) лидері Мохсин Давар Исламабад-Душанбе рейсіне жіберілмеді. 

Саясаткер Душанбеде өтетін Ауғанстан бойынша конференцияға қатысуы керек болған деп хабрлайды Pakistan Today басылымы.

Мохсин Давардың өзі твиттер парақшасына Федералды барлау агенттігі (FIA) Исламабад әуежайынан тоқтатқанын жазды. "Министрлер кабинеті шекарадан шығуға тыйым салынғандардың тізімінен алып тастаса да, рейске отырғызбады", - деп жазды.

Ауғанстан бойынша стратегиялық институт қауіпсіздік бойынша оныншы рет Герат диалогын өткізіп жатыр. Ол Душанбеде 29-30 қараша аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG