Ссылки доступа

Тәжікстанда анасы мен қызы консервіленген тамақтан уланып көз жұмды 


Соғды облысы Жаббор Расулов ауданында бір отбасының екі мүшесі консервіленген тамақтан уланып қайтыс болды. Қалған алты мүшесі ауруханада жатыр. 

23 қарашада Каримовтар отбасында тамақтан уланып, 58 жастағы анасы Умриниссо мен 30 жастағы қызы Мухаррам көз жұмды.

"Жазда олар әртүрлі көкөністен 30 банкі жапқан. Баялды, қызанақ және болгар бұрышынан жасалған конверіден уланған", - дейді Каримовтар отбасының жақын туысы Равшанбек Зарифов.

Дәрігерлердің айтуынша, отбасы мүшелері ботулизмнен улнған. Бұл - тамақтан улану. Тамақ құрамында ботулизм таяқшалары болады, бұл бірден нерв жүйелеріне әсер етеді.

Былтыр дәл осындау жағдай Хатлон облысында болған. Үйде жасалған консервіден 18 адам уланып, төртеуі көз жұмған.

XS
SM
MD
LG