Қала әкімшілігінің мәліметінше, мұндай уақытша шектеу қырғыз-тәжік шекарасында үш ай бұрын болған қарулы жанжалға байланысты қабылданған. Сол кезде қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан 63 қырғызстандық опат болған.
"Жаңа жыл, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні, Наурыз, Жеңіс күні, Тәуелсіздік күні, соңғы қоңырау, Халықаралық балаларды қорғау күні мерекелерін тойлауға шектеу қойылды. Жергілікті билік жақында халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді", - деп жазылған әкімдік мәлімдемесінде.
Мәліметке қарағанда, мерекелік шараларды ұйымдастыруға шектеу 22 қарашада қабылданған.
Биыл 14-17 қыркүйек күндері қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы жанжалдан қос тараптан жүзден астам адам өлді. Азаттықтың Тәжік қызметі шекарадағы қақтығыста опат болған 80-нен астам адамның тізімін дайындады. Қырғызстан ресми билігінің мәліметінше, бұл елде шекарадағы жанжалдан 63 адам өлген, 200-ге жуық адам жараланған.