Ссылки доступа

Мемлекеттік айыптаушы: Нүкіс оқиғасының тигізген зардабы - 600 мың доллар


Бұхара облыстық сотында Қарақалпақстан астанасындағы наразылықтан мемлекетке қанша материалдық шығын келгені туралы мәлімет айтылды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Нүкіс оқиғасының мемлекетке тигізген материалдық шығыны 6 млрд 681 млн 247 мың 508 сум (шамамен 600 мың доллар) болды.

Бұған дейін хабарланғандай, 28 қарашада Бұхарада Нүкіс оқиғасына байланысты іс бойынша ашық сот өтіп жатыр. 22 адамға айып тағылған.

Олар Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылымын тайдыру немесе билікті басып алу мақсатында ұйымдасты, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, қоғам қауіпсіздігі мен қоғам тәртібіне қауіп төндіретін материалдар дайындады деп айыпталды.

Сотталушылар арасында "Ел қызметінде" газеті бюросының адвокаты, осы газеттің бұрынғы бас редакторы Дәулетмұрат Тәжімұратов, журналист әрі Makan.uz сайтының құрылтайшысы Лолагүл Қалыханова бар.

Жиырма айыпталушы қамауда, біреуі үйқамақта отырса, тағы біреуі қоғам жауапкершілігімен қамаудан сотқа дейін босатылған.

XS
SM
MD
LG