Ссылки доступа

БҰҰ-ның құқық қорғаушысы Тәжікстанға барады 


БҰҰ-ның құқық қорғаушылардың жағдайы бойынша арнайы баяндамашысы Мэри Лолор 28 қарашадан 9 желтоқсанға дейін Тәжікстанға ресми сапармен барады. 

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссарының басқармасы бұл сапар Тәжікстандағы құқық қорғаушылардың жағдайын, қабылданып жатқан заңдарды талдауға мүмкіндік беретінін білдірді.

"Бұдан бөлек мен құқық қорғаушыларды қорғау бойынша жоспарланған шаралар мен заңдарды, үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу, сөз еркіндігін зерттеймін", – деген Лолор Тәжікстанға барар алдында.

Сапар барысында Мэри Лолор үкіметтік мекеме өкілдерімен, адам құқықтары бойынша ұйымдардың қызметкерлерімен, белсенділер мен журналистер және адвокаттармен кездесетінін де мәлімдеді.

9 желтоқсанда Лолор сапар қорытындысы бойынша Душанбеде баспасөз мәслихатын өткізеді. Одан кейін өзінің зерттеуін БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңсесіне тапсырады.

XS
SM
MD
LG