Ссылки доступа

Болат Теміровтің адвокаттары БҰҰ-ның Адам құқықтары комитетіне шағымданады 


Зерттеуші журналист, 23 қарашада Қырғызстаннан шығарылған Болат Теміровтің адвокаттары БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша комитетіне шағымданатынын жеткізді. 

"Біз БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша комитетіне таяу күндері, осы аптаның ішінде хат жолдаймыз. Жоғарғы сотқа да шағымданамыз. Онда Теміровке қатысты сот шешімінің негізсіз екенін дәлелдеп, елге қайтаруды талап етеміз", - деді адвокаты Бакытбек Автандил уулу.

Болат Теміровті 23 қарашада "Манас" әуежайынан Бішкек-Мәскеу рейсіне күшпен отырғызып, елінен шығарып жіберді.

Бішкек қалалық соты журналисті елден шығарып жіберу жөнінде шешім шығарған. Теміровтің өзінің кәсіби қызметіне қатысты қудаланып жатқанын мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Теміровті депортациялау шешімін сот қабылдағанын, оған дейін ІІМ тергеу ісін жүргізіп, прокуратура да бекіткенін білдірді. Бұл іске өзінің қатысы жоқ екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG