Ссылки доступа

Қырғыз милициясы SuperTV журналисін соққыға жықты деген күдікпен тағы бір адамды ұстады


Қырғызстан милициясының қызметкерлері SuperTV телеарнасының тілшісі Бақтұрсұн Жоробековті соққыға жықты деген күдікпен тағы бір адамды ұстады. Бұл туралы Бішкек қаласы Ленин ауданының ішкі істер басқармасы хабарлады.

Милиция мәліметінше, екінші күдікті 2000 жылы туған, сот оны 2022 жылдың 18 желтоқсанына дейін астаналық тергеу изоляторында ұстау туралы шешім қабылдады.

Бұның алдында, 24 қарашада милиция бір күдіктіні ұстап, тергеу абақтысына қамағаны хабарланған.

Бішкекте 26 қазанда белгісіз біреулер SuperTV телеарнасының тілшісі Бақтұрсұн Жоробековті ұрып кетті. Журналист шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырды. Тілшінің айтуынша, дәріханаға шыққан уақытта оны белгісіз бір жігіттер жабылып ұрған.

Милиция мәліметінше, қаскөйлер оның мобильді телефоны мен әмиянын тартып алған. Ленин ауданының ішкі істер басқармасы "кісі тонау" бабы негізінде іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG