Судья елдің бас прокуратурасынан тергеу абақтысында журналисті азаптау жөніндегі айыпталушының шағымын қарауды тапсырды.
Озоди радиосы дереккөзінің мәліметінше, Абдусаттор Пирмухаммадзоданың шағымын қарау өткен аптада басталған. Ол сот отырысы кезінде "кінәні мойнына алдыру үшін" тергеушілер тарапынан азапталғанын айтқан.
Абдусаттор Пирмухаммадзода осыған дейін тергеу абақтысынан хат жолдап, қамауға алынған бірінші күннен бастап азапталып келе жатқанын жеткізген.
44 жастағы Абдусаттора Пирмухаммадзода 8 шілдеде Вахдат қаласының ішкі істер бөлімшесі тарапынан шақырту алып, сол күйі үйіне оралмаған.
Ол "Садои Душанбе" радиосында жұмыс істеген. Кейін өзінің жеке YouTube каналын ашып, елдегі өзекті мәселелерді көтеріп келген.
Соңғы жарты жылдың ішінде Тәжікстанда жеті журналист пен блогер ұсталды. Оның төртеуі 7 жылдан 10 жылға дейін сотталды.