Ссылки доступа

Өзбекстанда мұғалімдер мәжбүрлі еңбекке тартылып жатыр 


Өзбекстанда мектеп мұғалімдерін өз саласына қатысы жоқ кез-келген жұмысқа тарту отандық білім беру жүйесін ақсатып келеді. 

Осылай деп ташкенттік журналист әрі блогер Никита Макаренко Озодлик радиосына берген сұқбатында айтты.

"Біздің мұғалімдер кез-келген жұмыспен айналысады, қағаз тасиды, пол жуады, пәтерлер аралайды, бірақ тек балаға білім бермейді, себебі оларда басқа мүмкіндік жоқ", - дейді Макаренко.

Никита Макаренко бұл мәселені әлеуметтік желі арқылы көтергеннен кейін бұл проблемаға Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзияева мен президент әкімшілігі араласқан.

Саида Мирзияева мұғалімдерге дәріс беруден басқа іске араластыру жол бермейтін жағдай екенін мәлімдеп, жергілікті өкілетті органдарға істі бақылауды тапсырған.

"Біз мұғалімдерге тегін жұмыс күші ретінде қарауды доғаруымыз керек", - деп жазды Мирзияева Facebook парақшасына.

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Комил Алламжонов та Telegram каналы арқылы мұғалімдерді сабақтан тыс мәжбүрлі жұмысқа тартуды доғаруды талап етті.

XS
SM
MD
LG