Ссылки доступа

Қазақстан өзбек азаматтарының елде тіркеусіз жүру мерзімін ұзартады


Өзбекстандықтардың Қазақстанда уақытша жүріп-тұру мерзімін өзгерту жөніндегі шешім жобасы қоғам талқылауына шығарылды. Құжат "Қазақстанның электронды үкіметі" жобасы аясындағы legalacts.egov.kz порталында жарияланды.

Қоғамның заң жобасын талқылауы 12 желтоқсанға дейін созылады. Құжатқа сәйкес, Өзбекстан азаматтары Қазақстанда уақытша тіркеусіз 30 күн жүре алады. Өзбекстан да Қазақстан азаматтарына осындай құқық беруі тиіс.

"Екі елдің ұлттық паспорты бар азаматтары көрші ел аумағында уақытша тіркеусіз 30 күн жүре алады. Азаматтар келгені туралы тиісті органдарға хабарлауы тиіс. 30 тәуліктен көп уақытқа, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге создыру туралы шешімді ішкі істер органдары қабылдайды", - деп жазылған құжат жобасында.

Қолданыстағы тәртіп бойынша, өзбекстандықтар Қазақстанда уақытша тіркеусіз бес күн ғана жүре алады.

XS
SM
MD
LG