Ссылки доступа

Ахмад Масуд Душанбедегі конференцияда тәліптерді сынға алды 


Ахмад Масуд Душанбеде. 30 қараша, 2022 жыл. 
Ахмад Масуд Душанбеде. 30 қараша, 2022 жыл. 

Ауғанстанның Ұлттық қарсылық майданы Ахмад Масуд "Герат қауіпсіздігі диалогы" халықаралық конференциясына қатысу үшін Душанбеге келді. 

Екі күнге созылған конференция 29 қарашада басталған. Оған Ауғанстан бойынша 120 сарапшы қатысты.

Ахмад Масуд конференция кезінде Кабул билігін тәліптер басып алғалы бері халықаралық қауымдастық түк істемей отыр деді. Ол сөзінде қазір ауған жері халықаралық террористердің ошағына айналып ғана қоймай, ауған халқы үшін нағыз түрме болды дегенді айтты.

"Тәліптер ислам ережелеріне қарсы келетін экстремистік және репрессивті тәсілдерді қолданып жатыр", - деді Ахмад Масуд.

Оныншы рет өтіп жатқан Герат диалогы Ауғанстанды "Талибан" қозғалысы басып алғаннан кейін бірінші рет Тәжікстан жерінде өтіп жатыр. Былтыр тамыз айында тәліптер Кабулды басып алған. "Талибан" үкіметін әлемнің бірде бір елі мойындамады.

XS
SM
MD
LG