Ссылки доступа

Тәжікстан билігі танымал экономикалық эксперттің ұлдарына іздеу жариялады 


Холид Абдуманнон мен Хишом Абдуманнон
Холид Абдуманнон мен Хишом Абдуманнон

Тәжікстан билігі экономикалық мәселелер бойынша сарапшы Абдуманнон Шералиевтің шетелде тұрып жатқан екі ұлына іздеу жариялады. 

25 жастағы Холид Абдуманнон мен 22 жастағы Хишом Абдуманнон Тәжікстанда тыйым салынған ұйыммен қызметтеседі деген күдікке ілінген.

Соғды облысының құқық қорғау органдарындағы дереккөзі оларға іздеу жариялағанын растады.

Олардың әкесі, экономикалық сарапшы Абдуманнон Шералиев екі ұлының соңғы жеті жылдан бері шетелде тұрып жатқанын, ешқандай да ұйымға мүше емес екенін жеткізді.

Шералиевтің өзіне 2020 жылы қылмыстық іс қозғалған. Ол Тәжікстанда тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясының жақтаушысы болған.

"Мүмкін менің ұлдарым әлеуметтік желілерде Тәжікстан билігін сынап жазған постардың біріне "лайк" басқан болар. Мүмкін бұл кіші ұлым Хишомның жүргізетін Ютуб-каналына байланысты болар", - дейді Абдуманнон Шералиев.

49 жастағы Абдуманнон Шералиев Тәжікстан ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Ұзақ жыл бойы Худжанд қаласында жеке кәсіппен айналысқан. 2015 жылдан бері шетелде тұрады.

XS
SM
MD
LG