Ссылки доступа

Қырғызстанда прокуратураны сынаған екі депутат тергеуге шақырылды 


30 қарашада Қырғызстанның бас прокуратурасы парламенттің екі депутаты Шайлобек Атазов пен Женишбек Токторбаевты тергеуге шақырған. 

Парламент отырысы кезінде депутат Атазов "қаржы пирамидасы" жөнінде мәселе көтеріп, бұл алаяқтық топты прокуратура мен полиция органдары қорғайды деп мәлімдеген.

Депутат Токторбаев болса, прокуратурада жемқорлықтың өсіп кеткенін сөз еткен.

"Менің сайлаушыларым маған хабарласып, прокуратура қызметкерлері қылмыстық істі басқа іске ауыстыру үшін 10 мың доллар пара сұрап жатыр деп айтты. Тергеу ісін прокуратураға бергеннен кейін, бұл мекеме монстрға айналды", - деген ол.

XS
SM
MD
LG