Ссылки доступа

"Бүтүн Қырғызстан" партиясының мүшелерін Жогорку Кенешке заңсыз жұмысқа тұрды деп айыптады


Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті "Бүтүн Қырғызстан" партиясының Жогорку Кенеште жұмыс істейтін мүшелерін жалған құжаттар пайдаланды деп айыптады. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, "Бүтүн Қырғызстан" фракциясының жетекшісі Адахан Мадумаровтың кеңесшісі мен фракция хатшылығының сарапшысы Жогорку Кенешке жұмысқа орналасарда еңбек кітапшаларына жалған мәлімет енгізген.

Комитеттің хабарлауынша, екі күдікті жалған құжат пайдаланғанын мойындап, өз еркімен жұмыстан шығару туралы арыз жазған. Мадумаровтың кеңесшісі Бішкектің 1-май аудандық сотының шешімімен қызметтен босатылды.

Арнайы комитет "жалған құжат жасау" қылмысына қатысты іс қозғады.

"Бүтүн Қырғызстан" партиясының Жогорку Кенеште алты депутаты бар. Фракцияға Адахан Мадумаров жетекшілік етеді. Фракция өзін оппозиция санайды.

XS
SM
MD
LG