Ссылки доступа

Душанбе соты 10 жылға сотталған журналист Далер Имомалидің шағымын қарауды кейінге қалдырды 


Далер Имомали 

Журналист Далер Имомалидің адвокаты Саъдулло Каюмов Озоди радиосына Душанбе соты апелляциялық шағымды қарауды кейінге шегерді деп хабарлады. 

Сот отырысы 30 қарашада өтуі тиіс болған.

Душанбенің Шомансур аудандық соты 17 қазанда Далер Имомалиді тыйым салынған партиямен жұмыс істеді, заңсыз кәсіппен айналысты деген айыптар бойынш кінәлі деп танып, 10 жыл түрме жазасына кескен. Сонымен бірге 1200 доллар айыппұл төлеуге міндеттеген.

Далер Имомали Тәжікстан президентінің атына жазған ашық хатта сот отырысы өрескел заң бұзушылықпен өткенін айтқан.

34 жастағы Далер Имомали биыл жазда әріптесі Абдуло Гурбатимен бірге ұсталған. Абдуло Гурбати қазан айында 7,5 жылға сотталған.

Далер Имомали кезінде "Жаңа көзқарас" жеке театр тобына жетекшілік еткен. Өзінің мамандығы актер. Бірақ соңғы жылдары ютуб канал ашып, елдің өзекті проблемаларын көтеріп келген.

Тәжікстанда биыл кемінде 7 журналист пен блогер қамауға алынды.

XS
SM
MD
LG