Ссылки доступа

Мемлекеттік айыптаушы тәжік белсендісі Фаромуз Иргашевқа 30 жыл түрме жазасын сұрады 


Фаромуз Иргашев
Фаромуз Иргашев

Мемлекеттік айыптаушы 2020 жылы президент сайлауына өзін үміткерлікке ұсынған, бірақ тіркелмеген Фаромуз Иргашевқа 30 жыл түрме жазасын сұрады. 

Тәжікстанда 30 жыл түрме жазасы өлім жазасынан кейінгі ең ауыр жаза болып саналады.

Таулы Бадахшан автоном облысының бұрынғы депутаты, 32 жастағы Фаромуз Иргашев биыл мамыр айында ұсталған.

Фаромуз Иргашев және онымен бірге ұсталған азаматтар "Комиссия 44" тобының жұмысы үшін шетелден ақша алып, рұқсат етілмеген митингті ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Фаромуздың анасы Оламбегим ұлымен бір рет ғана сөйлескенін, сот отырысына шақырылмағанын айтады.

"Мен ұлыммен тергеу абақтысында 5 тамызда ғана кездестім. Ұлым өзіне тағылған айыптардың ешқайсынан хабардар емес екенін жеткізді", - деген белсендінің анасы.

"Комиссия 44" тобы 2021 жылдың қараша айындағы Хорогтағы оқиғадан кейін құрылған. Бұл ұйым халық пен билік арасын жалғастырушы мақсатында пайда болған. Алайда Тәжікстанның Жоғарғы соты "Комиссия 44" ұйымын "қылмыстық ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салды. Оның екі мүшесі 18 жылға сотталды.

XS
SM
MD
LG