Ссылки доступа

Қырғызстан: Қара-Балтада белгісіз біреулер зергерді атып кетті


1 желтоқсанда Қырғызстанның Шу облысы Жайыл аудандық милициясына Қара-Балта қаласының "Западный" ауданында бір ер азаматтың өлі денесі табылғаны туралы хабар түскен. Мәліметке қарағанда, оның басынан атып кеткен.

Жергілікті милицияның хабарлауынша, қызметкерлер оқиға орнына барып, өлген адамның 48 жастағы Х. И. екенін анықтады. "Кісі өлтіру" қылмысы бойынша іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды.

Әлеуметтік желі қолданушылардың мәліметінше, бұл азамат зергерлік бұйымдар әзірлеп, оны сатумен айналысқан. Кейбір мәліметке қарағанда, 1 желтоқсанда таңертең оның автокөлігін белгісіз біреулер тоқтатып, өзін атып кеткен.

XS
SM
MD
LG