Ссылки доступа

Қырғызстанда тергеу абақтысындағы екі адамның өліміне қатысты тергеу басталды 


Бас прокуратураның баспсөз қызметінің жетекшісі Сирожиддин Камолидинов Ош қаласындағы №5 тергеу абақтысында күдіктілердің өлімі бойынша тергеу ісі басталғанын мәлімдеді. 

Оның сөзінше, қамаудағы екі адам 4 желтоқсанға қараған түні асылып қалған.

"Тергеу басталды. Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша, қаза болғандардың денесінде зорлық белгілері жоқ, таза. Сот-медициналық экспертиза нақты қорытындысын шығарады", - деді Камолидинов.

Ресми мәліметке сәйкес, Баткен облысы Кадамжай ауданында 14 жастағы қыздың өліміне күдікті ретінде төрт адам ұсталып, оның үшеуі Оштағы №5 тергеу абақтысына аударылған. Күдіктілердің тағы біреуі Жалалабад облысындағы кәмелетке жасы толмағандарға арналған абақтыға жіберілген.

Биыл 5 қыркүйекте Кадамжай ауданында 14 жастағы қыздың денесі табылған. Оның өліміне күдікті ретінде 24, 25 және 27 жастағы ер адамдар ұсталған. 8 қыркүйекте қыздың өліміне байланысты кәмелетке жасы толмаған бір адам ұсталған.

Қараша айында олардың қамаудағы мерзімі 2023 жылдың 4 қаңтарына дейін ұзартылған.

XS
SM
MD
LG