Ссылки доступа

Эль-Кувейт – Душанбе бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады 


29 желтоқсаннан бастап Кувейттің Jazeera Airways әуе компаниясы Эль-Кувейт – Душанбе – Эль-Кувейт бағыты бойынша тұрақты рейс ашады. Бұл туралы Тәжікстанның Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзода хабарлады.

"Эль-Кувейт және Душанбе қалаларының ортасындағы рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және сенбі күндері атқарылып тұрады. Билет бағасы екі тарапқа 510 доллар болады.

Бұл бағытқа кіші қажылыққа баруды қалайтын тәжік азаматтары арасында сұраныс көп болады деп ойлаймын. Бірақ негізгі мақсат – Кувейттен туристерді тарту", - деді елші.

Оның айтуынша, қазір Тәжікстан мен Кувейт виза мәселесі бойынша келісіп жатыр.

"Қазір тәжікстандықтар Кувейттің туристік визасын онлайн алса болады. Бірақ болашақта виза жеңілдетілген жағдайда Эль-Кувейт әуежайының өзінен тікелей алуға мүмкіндік болады", - деді елші.

Jazeera Airways – мемлекеттік емес төменгі бюджетті әуе компания. Ол негізінен Пәкістанға, Үндістанға, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Еуропа елдеріне рейстер атқарады.

XS
SM
MD
LG