Ссылки доступа

Тәжікстан коронавируспен күресті күшейтті


Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Тәжікстан билігі коронавирустың тез таралуын болдырмау мақсатын көздейтін шаралар қабылдады. Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңесімен әуежайлар мен мемлекеттік шекаралардағы бекеттерде тексеру күшейтілді.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шешім көрші елдерде COVID-19 тез тарап жатқанына байланысты қабылданғанын мәлімдеді.

Шекарадан өтетін азаматтар мен ұшақ жолаушыларының қызуы тексеріледі. Азаматтың қызуы көтерілгені анықталған жағдайда оның медициналық мәліметтері жергілікті емханаға жолданады. Бекеттерде санитарлар жұмыс істеп жүр.

Бұл уақытта, Душанбе көшелерінде медициналық маска таққан адамдарды жиі кезіктіруге болады. Қала тұрғыны Сухробжон Саидовтың айтуынша, тұмауратып қалуына байланысты маска тағып алған. "Тұмау белгілері бар. Қызу көтеріңкі, әлсіздік, мұрыннан су ағады. Ауруды басқа адамдарға жұқтырмас үшін сақтық шарасын қолданған жөн", - дейді душанбелік.

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі де елде тұмау маусымы басталғанын растады. Ол көктемге дейін созылуы мүмкін. Дәрігерлер кейінгі күндері тұмау жұқтырғандар көбейгенін мойындап отыр.

Бір апта бұрын Тәжікстанмен көршілес Өзбекстан билігі елде коронавирус жұқтырғандар көбейгенін хабарлаған.

Тәжікстан билігі елде наурыздан бері коронавирус дерегі тіркелген жоқ деп отыр. Алайда әлеуметтік желі қолданушылар үкімет мәліметіне күмәнмен қарайды.

Ресми мәлімет бойынша, коронавирус індеті кезінде Тәжікстанда 17 мың 388 адам вирус жұқтырып, 17 мың 264 адам аурудан айықты. Денсаулық сақтау министрлігі ковидтен 124 адам өлді дейді, алайда сарапшылар мен тұрғындар бұл дерекке сенбейді.

XS
SM
MD
LG