Бұл туралы Әбдірасулова Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлады.
Құқық қорғаушы сот шешіміне арызын Бішкек әкімшілік сотына өткізген. "Кылым шамы" жетекшісінің пікірінше, соттар биліктің шешімдерін бұлжытпай заңдастыратын "нотариусқа" айналып кетті.
1 желтоқсанда Бішкектің 1-май аудандық соты астананың осы ауданында митингілер өткізуге салынған тыйым мерзімін созуды заңды деп таныды. Сот шешімімен "Ала-Тоо" алаңында, Еркіндік бульварында, Жогорку Кеңеш ғимараты маңында, президент әкімшілігі, Жоғарғы сот, Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі, ҰҚМК ғимараты алдында митинг өткізуге болмайды. Дегенмен мемлекеттік және жергілікті билік "Ала-Тоо" алаңында түрлі шаралар ұйымдастыра алады. Қала тұрғындары наразылық акцияларын Горький атындағы бақта ғана өткізеді.