Ссылки доступа

Ташкент тұрғындары жылу жоғын айтып шағымданып жатыр 


Қыстың алғашқы аптасы өзбекстандықтарға суық болып жатыр. Әлеуметтік желіде тұрғындар пәтерде жылу жоғын айтып шағымданып жатыр.

Ташкенттің Нүкіс көшесі бойындағы 12 қабатты тұрғын үйде тұратын азаматтың бірі үш күннен бері жылу жоғын айтқан.

"Үш күннен бері үйде жылу жоқ. Пәтер салқын. "Таштеплоэнерго" мүлдем жауап бермейді. Кімге хабарласамыз, біздің мәселені кім шешеді?", - деп жазған Фейсбук парақшасына.

5 желтоқсанда Ташкентте газ толтыратын станцияның уақытша жабылғаны хабарланған.

"Өзгидромет" болжамынша, бұл аптада Өзбекстанның солтүстік аймағында ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді.

XS
SM
MD
LG