Ссылки доступа

Қырғызстанда "БАҚ жөніндегі" заң жобасының жұмыс тобына журналистер енді 


Қырғызстанда президент әкімшілігі бастамашыл болған "БАҚ туралы" заң жобасына толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін жұмыс тобы құрылды. 

Оған журналистер мен медиа сарапшылар және заңгерлер кірді. Бұдан бөлек президент әкімшілігінің бес адамы бар.

Биыл қазанда айында президент әкімшілігі "БАҚ туралы" заң жобасын әзірлеп, оны қоғамдық талқылауға шығарған. Билік 1992 жылы қабылданған заң "қазіргі талаптарға сәйкес келмейді" деген.

Бірақ Қырғызстанның құқық қорғаушылары жаңадан әзірленген заң жобасы сол күйінде қабылданып кетсе, елде сөз бостандығы шектеледі деген алаңдаушылығын жеткізді.

Бұдан бөлек "Институт Медиа Полиси" қоғамдық қоры билік жаңа заң қабылдау арқылы тиімсіз веб-сайттардан арылғысы келеді дейді.

XS
SM
MD
LG