Ссылки доступа

Ресей бұрынғы дала командирі Толиб Айёмбековтің туысын Тәжікстанға экстрадициялады


Құрбонжон Айёмбеков
Құрбонжон Айёмбеков

Өмірлік түрме жазасына кесілген бұрынғы дала командирі Толиб Айёмбековтің немере інісі Ресейден Тәжікстанға экстрадицияланды.

33 жастағы Құрбонжон Айёмбеков 1 желтоқсанда Ресей мен Украина арасындағы шекарада ұсталды, деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызметінің дереккөздері.

Жақын туыстарының айтуынша, Құрбонжон Айёмбеков 2021 жылғы күзден бері Ресейде тұрған. Танымал командирдің соты мен оның туыстарының кейбір туысы ұсталғаны туралы мәліметті естіген ол Украина аумағында тығылғысы келген, бірақ жолда ұсталып, Тәжікстанға жіберілген.

"Хорогта былтырғы қараша оқиғасынан кейін Құрбонжон Ресейге жұмыс істеуге кетті, жарты жыл құрылыста істеді", - дейді оның жақын туыстарының бірі.

Оның айтуынша, Құрбонжон қазір Душанбеде, алайда нақты қай тергеу изоляторында отырғаны беймәлім.

22 қарашада Тәжікстан Жоғарғы соты Таулы Бадахшан автономиялы облысының бес тумасын өмірлік түрме жазасына кесті. Сотталғандар арасында бұрынғы дала командирі, аймақтың бейресми көсемі Толиб Айёмбеков те бар. Тамыз айында дәл осындай жаза Айёмбековтің ұлы - Гүломәли Әбдірахмоновқа шығарылған. Ал бұрынғы дала командирінің тағы бір ұлы - 25 жастағы Хасанәли Әбдірахмонов 12 жылға, үшінші ұлы Мамадәли Айёмбеков 22 жылға сотталды.

Таулы Бадахшан тумаларына қатысты тергеу мен сот процестері адвкаттың қатысуынсыз жабық өтті.

XS
SM
MD
LG