Ссылки доступа

Ақтау қаласы жылуды үзбеу үшін ыстық суды тоқтатты


Ақтау қаласы тұрғын үйлерге жылуды үздіксіз беру үшін ыстық суды тоқтатуға мәжбүр болған. Мұны қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы үндеу жариялаған Ақтау әкімі Ербол Ізбергенов айтты.

Әкімнің сөзінше, ыстық суды тоқтатуға Ақтаудағы "МАЭК-Қазатомөнеркәсібінің" ескірген қондырғыларына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны себеп болған.

"Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбүрміз. Қаладағы ахуал менің бақылауымда және мәселені жедел шешу мақсатында қазіргі таңда тиісті мамандар жұмылдырылды",- дейді Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов.
⠀⠀
5 желтоқсанда Ақтауда ыстық су тоқтатылған. Ақтау тұрғындары ауыз су да жетпей жатқанын айтады. "МАЭК" пен "Каспий жылу, су арнасы" ауыз су ажыратылмағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG