Ссылки доступа

Таулы Бадахшан денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды


Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Фарид Мұзаффаров Хорог қаласында ұсталды. Шенеуніктің туыстары БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартты.

ТБАО әкімшілігі лауазымы жоғары шенеуніктің ұсталғанын растады. "Мұзаффаров жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды. Оның ісін облыстық прокуратура тексереді. Фарид Мұзаффаров қызметтен босатылды. Тергеу аяқталғанша қылмыстық іс мәліметін бере алмаймыз", — дейді облыс әкімдігінің өкілі.

Кем дегенде үш тәуелсіз дереккөздің хабарлауынша, Фарид Мұзаффаров 30 қарашада Хорогта ұсталған. Ол жергілікті дәрігердің біріне екі қызмет рәсімдеп, "артық" айлықты бөліскен, дейді дереккөздер.

XS
SM
MD
LG