Ссылки доступа

Тәжік билігі оппозиционердің інісіне үйлену тойын жасауға рұқсат бермеді 


Бехруз Тагойзода
Бехруз Тагойзода

Тәжікстан билігін ашық сынап келген "Группа 24" ұйымының мүшесі, "Садои мардум" ("Халық үні") ютуб каналының авторы Бехруз Тагойзода жергілікті шенеуніктер інісінің үйлену тойын жасауға рұқсат бермегенін айтады. 

"Билік тек мен жария түрде биліктен кешірім сұрасам ғана, той жасауға рұқсат беретінін айтыпты", - дейді Бехруз Тагойзода Озоди радиосына берген сұқбатында.

Оның сөзінше, інісі 11 желтоқсанда үйлену тойын өткізуді жоспарлаған, бірақ жергілікті билік рұқсат бермеген.

Бехруз Тагойзоданың өзі қазір шетелде тұрады. Ол "Садои мардум" бағдарламсын жүргізіп, еліндегі өзекті проблемаларды көтере беретінін жеткізді. "Бір күндері ата-анам менің дұрыс жолды таңдағанымды түсінеді",- дейді ол.

Human Rights Watch (HRW) және Норвегиялық Хельсинки комитеті (Norwegian Helsinki Committee) адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында Тәжікстанда оппозициялық қайраткерлердің отбасы, туған-туысы көп зардап шегетінін келтірген.

Тәжікстан билігі болса, өзінің іс-әрекетін "экстремизмге қарсы күрес" деп түсіндіріп, еліндегі оппозицияны қудалап келе жатқанын теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG