Ссылки доступа

Түркіменстанда мұғалімдер айлығынан қайыр сұрайтын балаларды тамақтандырмақ 


Түркіменстанда көшеде қайыр сұрап жүрген балаларды қамтамасыз ету үшін мұғалімдер жалақысынан айлық ұсталады. 

Бұл жөнінде Түркіменбашы қаласы әкімдігінде білім беру бөлімінің қызметкерлерімен өткен жиналыста айтылды деп жазады Азаттықтың түркімен қызметі.

"Жиналыста егер ата-аналар балаларына қамқорлық жасай алмаса, онда сынып жетекшілері жауап береді деген. Сондықтан ай сайын мұғалімдер жалақысынан 200 манат (57 доллар) ұстап қалмақ. Бұл ақша қайыр сұрап жүрген балаларды киіндіруге, тамақтандыруға жұмсалады деп айтты", – дейді білім беру саласының қызметкерінің бірі.

Оның сөзінше, соңғы уақытта базарларла қайыр сұрайтын балалар көбейген. Себебі, интернаттарда бос орын жоқ.

Түркіменстанда мұғалімдер мектепте сабақ беруден тыс жұмыстарға тартылады. Мақта теру науқанында да мұғалімдер ауыр еңбекке тартылып келеді.

XS
SM
MD
LG