Ссылки доступа

Тәжікстанда бұзақылықпен айыпталған телеканал директоры бостандыққа шықты 


Пенжикент қалалық соты тәуелсіз телекомпания директорын қамаудан босатты. "Ориённур" телеканалының директоры Сино Ниёзов қазан айында “Авангард” жастар ұйымының мүшесіне қол көтерді деген күдікпен ұсталған.  

Сот шешімі 7 желтоқсанда шыққан. Сухроб Ниёзов сот шешіміне сәйкес, 10 мың доллар айыппұл төлеген.

Оған "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Билікшіл "Авангард" жастар ұйымының бұрынғы мүшесі Бехзод Мухаммади 9 қыркүйекте Сино Ниёзов үш серігімен өзін сабап кетті деп арызданған.

Сино Ниёзовтың өзі оған қол көтермегенін, бірақ Пенжикенттегі мейрамханалардың бірінде оны байқаусызда итеріп жібергенін айтқан.

XS
SM
MD
LG