Спикердің мәлімдеуінше, жұмыс тобы жақында атқарылған жұмыстың қорытындысын жариялайды.
"Тоқторбаев пен Атазовтың Бас прокуратура қысымы туралы шағымынан соң президент Садыр Жапаров жұмыс тобын құрып, бір аптаның ішінде қорытындысын беруді тапсырды", - дейді Шәкиев.
Жогорку Кеңештің бұның алдында отырысында депутат Жеңішбек Тоқторбаев құзырлы органның депутаттарға қатысты әрекетіне баға беретін комиссия құруды ұсынған.
30 қарашада Жогорку Кеңеш отырысында Шайлообек Атазов пен Жеңішбек Тоқторбаев прокуратура органдарының жұмысын сынаған. Сол күні кешке оларды Бас прокуратура қызметкерлері тергегені мәлім болды. Прокуратура баспасөз қызметінің жетекшісі Сирожиддин Камолидиновтің мәлімдеуінше, олар тергеуге прокуратура органдарындағы жемқорлық туралы айтылған ақпарат бойынша куәгер ретінде шақыртылған.
Ертесіне Атазов пен Тоқторбаев спикерден болған оқиғаға баға беруін сұраған.