Ссылки доступа

Душанбеде таксишілерді ұстап жатыр. Тұрғындар такси жетіспейтініне шағымданды


Тәжікстан астанасында таксишілердің жұмысына кедергі келтіру әрекеті қоғамның наразылығын туғызды. Алайда Душанбедегі бір де бір мекеме таксишілерге не себепті жұмыс істетпейтінін ресми түрде түсіндірмей отыр.

2 желтоқсанда Тәжікстан көлік министрлігі Душанбеде таксишілерді ұстау жөнінде бастама көтермегенін хабарлады.

Өткен аптада Душанбе мемлекеттік автокөлік инспекциясының Азаттықтың Тәжік қызметі - Озоди радиосына хабарлауынша, акцияның мақсаты - астанадағы такси санын қысқартып, жаңа жолаушы автокөліктерін іске қосу. 1 желтоқсанда осы мекеменің бір қызметкері Душанбеде 6.5 мың такси жұмыс істейтінін, шын мәнінде халыққа қызмет көрсету үшін 4.2 мың такси жеткілікті болатынын айтқан.

Шенеуніктің мәлімдеуінше, такси көбейіп кетсе астана көшелерінде кептеліс көбейеді, жол ережесі жиі бұзылады. Тұрғындардың айтуынша, такси "аулау" салдарынан көліктің бұл түрі күрт азайған.

Душанбенің 34 жастағы тұрғыны Сарафроз Шарифов жалғыз табыс көзінен айрылды. Шарифов "Рахш такси" компаниясында істеген, жұмыссыз жүргеніне бір апта болды. Өйткені оның автокөлігі 2016 жылға дейін шығарылған, ал құзырлы органдар оған адам тасуға рұқсат бермей отыр.

Биліктің "ескі" көлікпен жолаушы тасуға тыйым салуы астанада Сарафроз Шарифов секілді ондаған адамды жұмыссыз қалдырды.

XS
SM
MD
LG