Ссылки доступа

Қырғызстанда ЕАЭО басшыларының саммиті өтіп жатыр


Саммитке Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келді.

Күн тәртібінде 17 мәселе бар. Еуразия кеңістігіндегі интеграция мәселелері, экономикадағы жағдай және ЕАЭО-ның 2022 жылғы қызметінің нәтижелері талқыланады.

Саммит басында сөйлеген Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ұйым індеттен кейінгі дағдарысқа, қаржы-экономика қиындықтарына тап болғанын айтты.

"Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдердің экономикасы қысымға тап болғаны байқалады. Мұндай күрделі уақытта біз мемлекет басшылары ретінде сауда-экономика мен инвестициялық әріптестік салаларында қолдан келетін әрекеттің бәрін жасауымыз керек", - деді Садыр Жапаров.

Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей кіреді. Ұйым кеден кедергілерін алып тастап, адамдар мен тауарлардың еркін өтуіне жағдай жасау мақсатында құрылған.

Ұйым жиналысы үш жылдан бері алғаш рет бетпе-бет кездесу форматында өтіп жатыр. Осы самитте Қырғызстанның ұйымға төрағалығы аяқталады.

XS
SM
MD
LG