Душанбеде 7 желтоқсанда өткен диалогта ЕО Таулы Бадахган автономиялы облысындағы адам құқықтарына қатысты жағдайға қатты алаңдайтынын айтып, 2021 жылғы қараша мен 2022 жылғы мамырдағы оқиғаларға тәуелсіз зерттеу жүргізуге үндеді.
Таулы Бадахшанның әкімшілік орталығы Хорог қаласында былтыр 25 қарашада күрделі жағдай қалыптасты. Күш құрылымдарының арнайы операциясы барысында Роштқала ауданының тұрғыны Гүлбиддин Зиёбековтің өлтірілуі тұрғындардың наразылығын туғызды. Хорогтағы баскөтерулер кезінде тағы екі адам өлтірілді.
Биыл 16 мамырда Хорогтағы жастар тобы наразылық акциясын өткізген уақытта аймақтағы жағдай тағы шиеленісті. Тәжікстан ішкі істер министрлігі Рушан ауданында терроризмге қарсы операция өткізетінін жариялады. Соның барысында ауданда қырыққа жуық адам өлтіріліп, шамамен 200 адам ұсталды. Олардың арасында қоғам белсенділері де бар.