Ссылки доступа

Иранда тәжік президентінің туған балдызы қайтыс болды


Иранда 54 жасында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның балдызы (әйелінің бауыры) Хусейн Асадуллозода қайтыс болды. 

Озоди радиосының дереккөзі оның денесі жексенбі немесе дүйсенбі күндері Тәжікстанға жеткізілетінін мәлімдеді.

Хусейн Асадуллозода жүрек ауруымен ауырған. Екі апта бұрын оны емдеу үшін Иранға алып кеткен.

"Ол өкпені жасанды желдететін аппаратта жатқан, өткен түні Тегеран ауруханасында қайтыс болды. Қазір туған ауылында жерлеуге дайындалып жатыр", - деді дереккөз.

Хусейн - Эмомали Рахмонның әйелінің егіз бауырларының бірі. Оның сыңары Хасан Асадуллозода елде көбірек танымал. Ол "Сомон Эйр" әуе компаниясының иесі. Бұдан бөлек ондаған ірі кәсіпорны бар.

Хусейн Асадуллозода жанар май сататын "Нафтрасон" компаниясын басқарып келген.

Эмомали Рахмонның тағы екі балдызы бар. Олар да Тәжікстанда лауазымды қызметтер атқарады.

XS
SM
MD
LG