Ссылки доступа

"Тәліб глобусы": Ауғанстан Иран және Орталық Азия аумағын "иемденіп" алған (видео)


"Талибан" қозғалысы Кабулдың орталығына үлкен глобус орнатты. Онда Ауғанстанның қазіргі аумағынан үлкен, көрші елдердің аумағын да өз еліне "кіргізіп" алған. 

BBC таратқан ақпаратқа сәйкес, тәліб нұсқасы бойынша Иран, Пәкістан және Орталық Азияның елдері Ауғанстан аумағына кіреді, Қазақстанмен ортақ шекарасы бар.

"Тәліб глобусында" Корея мен Дания аралға айналған, Түркия еуропалық бөлігінен айырылған, ал Катар, Эстония және Тайван жер бетінде жоқ.

Глобусты Кабулдың орталығындағы Дахан-и-Баг алаңында орнатқан. Оның салмағы — 2 тонна.

"Талибский глобус" поставили в Кабуле
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:34 0:00

"Тәліб глобусын" жасап шыққан Исматулла Хабиби картада Ауғанстан көрініп тұру үшін көлемін де үлкейтуге тура келді дейді.

Былтыр тамыз айында тәлібтер Ауғанстанды басып алған. Бірақ оның үкіметін әлі бірде бір ел танымады.

XS
SM
MD
LG