Ссылки доступа

Бішкекте электромобиль ғана жүретін "жасыл көшелер" пайда болады


Қырғызстан табиғи ресурстар, экология және техникалық бақылау министрі Динара Құтманова Жогорку Кеңеш комитетінің 12 желтоқсандағы отырысында ауаны ластануымен күрес жолдары туралы баяндады.

Министр жылу электр станциялары, қазандықтар мен жеке секторлардан, сонымен бірге автокөліктерден шыққан қою түтін ауаны ластайтынын айтты.

"Қою түтін қайдан пайда болады? Ауаның тазарып тұруы он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда баяу жүріп жатыр. Бұған үйлердің тығыз орналасуы да әсер етеді. Ауаны ластауда жеке сектордың үлесі зор - 63 мың үй орналасқан 47 тұрғын аудан сапасыз отын жағады", - дейді Құтманова.

Министрдің айтуынша, 2023 жылдың басында Бішкекте "жасыл көшелер" пайда болатынын айтты.

"20 млн доллар тұратын жобамыз мақұлданды. 2023 жылдың алғашқы тоқсанында жасыл бағыттар, жасыл көшелер мен аудандар пайда болады. Мұндай орындарда отынмен жүретін автокөліктерге тыйым салынады. Электрмен жүретін көліктер ғана жүреді. Біз 200 такси мен 100 электробус әкелеміз", - дейді экология министрі.

Жылда күн салқындаған уақытта Бішкек ауасында РМ2,5 лас бөлшектер көбейеді. Қырғыз экология министрі Динара Құтманова Бішкек 2016 жылдан бері әлемдегі ең лас қалалар ондығынан түспей келетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG