Жарыс 5-10 желтоқсан аралығында Белоярск қаласында өтті. Оған Әзербайжан, Египет, Конго, Грузия, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан спортшылары қатысты.
57 келі салмақ дәрежесінде күш сынаған Миджгона Самадова финалда ресейлік Евгения Лочкановадан басым түсті. Самадова былтыр да осы жарыста топ жарған.
Тәжікстанның тағы екі боксшы қызы - Шоира Зүлқайнарова (60 кг) мен Мехриноз Мұзаффарова (81 кг) қола жүлдеге ие болды.