Ссылки доступа

Өзбек банкін алғаш рет шетел компаниясы сатып алды


"Дарье" басылымының хабарлауынша, "Ипотека-банктегі" мемлекет үлесі алғаш рет шетел компаниясына сатылды. Мәліметке қарағанда, 12 желтоқсанда Ташкентте аталған банктің мемлекеттік үлесін жекешелендіру туралы келісім-шартқа қол қою рәсімі өтті.

"Ипотека-банктегі" мемлекет үлесін OTP Bank венгр компаниясы сатып алды.

"OTP венгр банкінің Өзбекстанға келуімен цифрландыру мен банк қызметінің сапасы одан сайын арта түседі деп үміттенеміз. Бұған қоса, келісім-шарт екі ел арасындағы әріпестіктің дамуына үлес қосады. Шетел компаниясы алғаш рет Өзбекстан банкін сатып алып отыр", - дейді Өзбекстан инвестиция және сыртқы сауда министрі Жамшид Қожаев.

Өзбекстанда ең ірі бес банк қатарына кіретін "Ипотека-банктің" 1,6 миллионнан астам клиенті бар.

XS
SM
MD
LG