Ссылки доступа

Ресейде 2023 жылы еңбек мигрантының патенті қымбаттайды


Очереди в миграционном центре "Сахарово"

2023 жылы Ресейдің көптеген аймағында еңбек мигрантының патенті қымбаттайды. Еңбек патенті шетел азаматтарына Ресейде жұмыс істеу үшін қажет. Шетел азаматтары осы құжаттың көмегімен федерация аумағына визасыз кіре алады.

Ресей аймақтарының дені қараша-желтоқсан айларында жергілікті салық заңдарын өзгертіп, еңбек патентінің құнына әсер ететін аймақ коэффициентін көтерді.

Мәскеуде тұратын тәжік заңгері Мұхаммаджон Собировтің айтуынша, мигранттарға арналған патенттің бір айлық бағасы Мәскеуде 5900 рубльден 6600 рубльге қымбаттайды. "Жаңа жылдан бастап патент үшін 700 рубль артық төлейсіз", дейді заңгер.

"2023 жылы еңбек патенті Санкт-Петербургте де қымбаттайды. Бірақ мұнда баға 200 рубльге ғана көтеріледі. Қазір 4200 рубль тұратын патент 4400 рубль болады. Самарада 4419 рубльдан 5720 рубльге қымбаттайды", дейді Собиров.

Заңгердің айтуынша, патенті бар еңбек мигранттары табыс салығын екі мәрте төлемеуі тиіс. Мұндай жағдай жиі кездеседі. Мигранттар патент ақысын төлейді, одан соң жеке тұлға табысы үшін салық ұстап қалады.

Ресей билігінің мәлімдеуінше, елде Тәжікстанның екі миллионға жуық азаматы жүр. Алайда Душанбе федерация аумағында бар болғаны 600 мың тәжік азаматы жүр деп есептейді.

XS
SM
MD
LG