Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": Тағы үш белсендіні қамаудан босатпады


Қырғызстанда азаматтық белсенділер Әли Шабдан, Айбек Бузурманқұлов және Марат Баязов Бішкектегі тергеу изоляторында қалды. Бұл туралы Бішкектің 1-май аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық сот мәліметінше, "Кемпірабад ісі" аясында ұсталған үш азамат 2023 жылдың 20 ақпанына дейін тергеу изоляторында отырады.

Бұның алдында 1-май аудандық соты белсенділер Шыңғыс Қапаровты, Ильгиз Шаменовті, Ақыл Айтбаевты, сонымен бірге саясаткерлер Әзімбек Бекназаров пен Орозайым Нарматованы қамауда ұстау мерзімін созған. Ал осы іс аясындағы айыпталған тағы бір азамат Нұрлан Асанбеков үйқамақтан босатылмады.

2022 жылғы 22 қазанда Кемпірабад су қоймасын қорғау жөніндегі комитет құрылды. Ертесіне Бішкекте белсенділерді жаппай тұтқындау басталып, 26 адам ұсталды. Олардың арасында саясаткерлер, белсенділер мен блогерлер болды.

ІІМ мәліметінше, олардың үстінен "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Сот оларды екі ай қамауда ұстау туралы шешім қабылдады.

Ұсталғандар қылмыстық қудалауды Кемпірабад су қоймасына қатысты ұстанымымен, соны қорғау жөніндегі комитеттің құрылуымен байланыстырып отыр.

XS
SM
MD
LG