Ссылки доступа

АҚШ Өзбекстан мен Қырғызстанның шекара жөніндегі келісімін құптайды (видео)


АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон Ташкент пен Бішкектің шекара жөніндегі келісімін қолдайды деп мәлімдеді. Блинкен 12 желтоқсанда Вашингтонда Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норовпен келіссөз жүргізген.

"Үнемі айтып жүрмін, Құрама Штаттар Өзбекстанның дербестігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қолдайды. Мен Өзбекстанның Қырғызстанмен шекараға жөніндегі келісімін қолдаймын. Шекара мәселесін дипломатия көмегімен шешуге болатынын аймақтағы басқа да елдерге көрсеттіңдер. Өзбекстанның дін еркіндігі жөніндегі реформалары мен мәжбүрлі еңбектен бас тартуын құрметтеймін", — дейді Блинкен.

Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норов бастаған делегация Вашингтонға 12 желтоқсанда келді. Делегация АҚШ-та 14 желтоқсанға дейін болады.

СІМ мәліметінше, өзбек делегациясы Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріпестік диалогына қатысады.

29 қарашада Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы" келісім мен "Кемпірабад су қоймасының су ресурстарын бірлесіп басқару" жөніндегі келісімін ратификациялау туралы екі заңға қол қойды.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 30 қазанда Шавкат Мирзияев те Қырғызстанмен шекараға қатысты заңдарға қол қойды.

Қырғызстанда осы келісімдерге қарсы шыққан отызға жуық белсенді мен саясаткер "жаппай тәртіпсіздік ұйымтастыруға талпынды" деген айыппен ұсталды. Олар қылмыстық қудалауды "саяси қысым" деп есептейді.

XS
SM
MD
LG