Ссылки доступа

HRW бадахшандық белсенділерге шығарылған сот үкімін сынға алды  


Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Таулы Бадахшан автоном облысының алты белсендісіне шығарылған сот үкімін сынға алып, тәжік билігін ол өңірдің азаматтарын қудалауды тоқтатуға шақырды. 

HRW 13 желтоқсанда жариялаған мәлімдемесінде 65 жастағы Ульфатхоним Мамадшоева және "Комиссия 44" тобының мүшелері Фаромуз Иргашев, Музаффар Муборакшоев, Хурсанд Мамадшоев, Манучехр Холикназаром және Хушруз Жумаевтарға әділетсіз үкім шығарылды деді. Сот үкімі өткен аптада Жоғарғы сот тарапынан шығарылған. Азаматтық белсенділер сегіз жылдан отыз жылға дейін сотталды.

Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Сыйнат Султаналиева бадахшандық белсенділерге қатысты сот отырысы жабық өткенін айтып, адам құқығы өрескел бұзылғанын жеткізді.

XS
SM
MD
LG