Ссылки доступа

Өзбекстанда энергетика дағдарысы туралы жазған блогерге 2 мың доллар айыппұл салынды


13 желтоқсанда Өзбекстандағы Ферғана облысы Өзбекстан ауданының соты блогер Әлімжон Хайдаровқа 21 млн сум айыппұл салды.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, блогер митинг ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзды, жалған ақпарат таратты деп айыпталған.

Әлімжон Хайдаров 21 млн сум (шамамен 1900 доллар) айыппұл алғанын фейсбуктегі парағында растады, бірақ істің мән-жайын түсіндіріп жатпады.

Кейінгі кездері Хайдаров жарық пен газ мәселелерін жиі көтеріп жүрген.

Блогер Хайдаров Өзбекстанда энергетика дағдарысы туралы сыни пікірі үшін қудаланған алғашқы азамат емес. Өткен аптада, 7 желтоқсанда, Өзбекстан аудандық соты "Альбус" гипс зауытының жеті жұмысшысын бес тәуліктен 10 тәулікке дейін әкімшілік жазаға тартты. Зауыт жұмысшылары газдың жоқтығына байланысты наразылыққа шыққан. Зауыттағы митинг туралы блогер Әлімжон Хайдаров та жазған.

XS
SM
MD
LG