Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": қамаудағылардың жетеуі аштық жариялады 


"Кемпірабад ісі" бойынша қамаудағылардың тағы үшеуі аштық жариялады. Бұл жөнінде Азаптауға қарсы күрес ұлттық орталығының директоры Бақыт Рысбеков мәлімдеді. 

Оның сөзінше, ұлттық орталық өкілдері қамаудағылармен кездескен. Экс-депутат Равшан Джеенбеков, белсенді Атай Бейшенбек және Жалалабад облысының бұрынғы губернаторы Бектур Асанов аштық жариялаған.

Осының алдында Клара Сооронкулова, Рита Карасартова, Перизат Суранова мен Орозайым Нарматова аштық жариялаған. Олар халықаралық қауымдастыққа, құқық қорғау ұйымдарына үндеу жасаған.

"Барлығы 7 адам аштық жариялады. Қазір олардың көңіл-күйі жақсы. Біз олардың жағдайын бақылап отырмыз", - деді Рысбеков.

Қазан айында Бішкекте 26 саясаткер мен белсенді "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды" деген күдікпен ұсталды. Сот оларды екі айға қамау туралы шешім шығарды, желтоқсанда қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

Ұсталғандар қылмыстық істің саяси астары барын мәлімдеп, оны Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға беру мен су қоймасын қорғау жөніндегі комитет құрылуымен байналыстырды.

БАҚ су қоймасы төңірегіндегі жанжалды "Кемпірабад ісі" деп атады. Жергілікті және халықаралық ұйымдар саясаткерлер мен белсенділердің қудалауға ұшырауын сынады.

XS
SM
MD
LG